«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» кешенді жоспарын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын халық арасында насихаттауға арналған арнайы топ мүшелерінің кезекті кездесулері Сырдария ауданындағы Ақжарма және Н.Ильясов ауылдарында жалғасып, тұрғындардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Кездесулерде ауыл тұрғындарына кооперативтерді құру идеясы ұнады. Алайда оны ауылдарда жүзеге асыру үшін, нақты жобаларды ойластыру қажеттігі де атап өтілді. Сондай ақ кооператив құрған жағдайда оның жауапкершілігін ауыл әкімдігіне беру және жылжымайтын мүліктің кепілдігі 70-80 пайызға дейін бағаланса деген ұсыныс білдірілді.

«Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш жүргізіліп, оң нәтиже берген. Нәтижесінде жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны біршама азайды. Ауылшаруашығы мен егін шаруашылығын дамытып тағы да қосымша несие алуға ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер бар. Сіздердің өңірде де айналысуға болатын, даму жолы бар кәсіптер ашуға мүмкіндіктер көзі көп екенін байқадым. Сондықтан бірігіп жұмыс жасауға шақырамын» – деді сарапшы Нұрлан Дулатов.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша нақты жауаптар беріліп, жаңа жобаның тиімділігі төңірегінде бірнеше кеңестер беріліп, ұсыныстар талқыланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!