Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қандай жаза қолданылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер министрге әлеуметтік желіде “әскерден жалтарғандар түрмеге қамалады” деген ақпарат тарағанын айтып, оның қаншалықты рас екенін сұрады.

Министрдің сөзінше, әскерге шақырту кезінде әскери комиссариатқа келмеген азаматтардың деректері ішкі істер органдарына жолданады.

“Олар іс қозғайды. Алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейін қылмыстық жауапкершілік көзделуі мүмкін. Бас бостандығынан айыру туралы шешімді сот қабылдайды”, – деді Қосанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!