Фото: sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Семей өңіріне барып, тыңдарман қауыммен кездесті. 

“Бүгін руханияттың ордасы Семей қаласында ерекше күн. Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойына арналған мерекелік концертке жиналып отырмыз. Аса қадірлі Бибігүл Ахметқызы, ғажайып дауысыңызбен қазақ ән өнерін биікке көтеріп, ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын әлемге танытуда қосқан үлесіңіз елден ерен. Сізге мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да өнеріңізден нәр алып, жастарымыз сіздің еңбек жолыңызды үлгі етеді деп сенеміз», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Еске салайық, Бибігүл Төлегенова атындағы креатив мектеп ашылғанын жазған едік. 

“Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебі – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы. Мұнда балалар негізгі білім алатын пәндермен қатар креатив факультеттерде өздерінің шығармашылық таланттарын дамыта алады. Әртүрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультетінде өтеді. Digital факультеті бағдарламалауды, веб-әзірлеуді, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік саласындағы әртүрлі озық технологияларды оқытады. Бейнелеу өнері, графикалық және архитектуралық дизайн арқылы балалардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған арнайы Аrt факультеті сыныбы бар. STEM факультеті физика, химия, биология, инженерия және робототехника бағдарламаларын қамтиды”, – деп жазған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!