Фото: ашық дереккөзден

  1. Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Өзбекәлі және мәдени
    майдан»
  2. Марзия Бекайдар «Выбери счастье в обоих мирах»
  3. Құрманғазы Тұрмаханұлы «Ризық»
  4. Данияр Жігітбек «Қаржы қағидалары»
  5. Имам Ғазали «Бақыт формуласы»
  6. Луиза Мэй «Маленькие женщины»
  7. Рейчел Холлис «Әй, қыз, көзіңді аш!»
  8. Перизат Мырзахмет «Өмірдің аты М»
  9. Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы «Ғаламның жауһарлары»
  10. Лора Шлессингер «10 дурацких ошибок, которые совершают женщины. Взять себя в руки и стать счастливой»

Кітапсыз үй – терезесіз үй. Кітапсыз үй – рухсыз денеге ұқсайды деп ғұламалардың айтқан сөзінде терең мағына жатыр. Орыстың ұлы жазушысы Максим Горький жас кезінде байға жалданып жұмыс істеген. Ақысына тек кітап оқуды қалаған, ол тек осы шартты қойды. Қожайыны түнде шатырдың астындағы қараңғы жерге шам жағып, оның білтесін өлшеп бергеннен артық жақпауын бұйырған. Ол артық жағып, талай қожайынынан таяқ жеген емес пе?! Міне, кішкентай Горькийдің кітап оқуға деген құштарлығына қалай ғана таңданбасқа? Сол кітапты көп оқыған кішкентай баланың әлемді мойындатқан жазушы болғаны, осы кітаптың арқасы деп білемін.

Кітап – асыл қазына, рухани байлық, ақылшы дос. Кітап – жан сарайыңды ашады, сөздік қорыңды байытады. Жақсы кітап оқысаң, жақсы кейіпкерлермен кездесіп, өмірге құштарлығың артады. Кітапты құмарлықпен оқу кез келген жанның қолынан келе бермеуі мүмкін. Оқуға қызығушылықты ояту – қазіргі заманның ең түйткіл мәселесі. Бүгінгі таңда заман қажеттілігіне сай кітаптар жазылуда, ол оқырманның қызығушылығына да ие. Осыған дәлел Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасына бардым. Аймақтағы 209 кітапханада оқырман санының 255 мыңға жуық екенін, келушілер саны 2 млн-нан асқанын, кітап қорының 4 жарым миллион екенін көріп, қуанып қалдым. Осы статистикадан соң оқырмандар кітап оқуға құштар емес деген ойдан арылдым.

Жастар қандай кітаптарға қызығады?

Болашақтың кілті – білімді жастардың қолында. Жан-жақтан ақпараттық құралдардың, әлеуметтік желілердің, гаджеттердің көмегімен еркін кітап оқуға мүмкіндік бар. Психологиялық, мотивациялық, қаржылық сауаттылық, діни кітаптар жастардың назарына ие. Себебі, бүгіннің жастары ізденімпаз, қиялшыл, армандары биік олар үшін білімнің әрбір көзі құнды.

Онлайн кітап саудасы

Онлайн кітап саудасы бізге шет елдерден келген жаңаша әдет. Қазір Қазақстанның барлық қалаларында жұмыс жасайды. Көпшілікке пайдасы зор.әлеуметтік желінің көмегімен-ақ сауданы дөңгелете жүргізуге мүмкіндік бар. Қазірде кітап сатуға арналған Flip, Kaspi, Kitapal, Меломан сынды онлайн-дүкендері танымал. Халық онлайн сауданың қызметін тұтынуда. Бұл да біздің кітап оқуға деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз.

Шұғыла МҰХИТҚЫЗЫ,
Еуразия Ұлттық университеті
филология факультетінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!