Тұңғыш Президент күніне орай бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылданды.


Іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы Әбдірахмановтың қатысушыларды келе жатқан айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның гүлденуіне зор үлес қосқанын атап өтті.


Партия билетіне қол жеткізген көптеген жастар мен түрлі сала мамандарының қатарында, дәрігер, мұғалім, кәсіпкер, мәдениет өкілдері болды.


Салтанатты шарада әр салада қызмет етіп жүрген «Nur Otan» партиясының қатарына қабылданушы 10 азаматқа партиялық билетті табыстады.


Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының мақсаттары мен міндеттерін орындауда белсенділік танытқан 10 партия мүшесі Алғыспен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!