Нью-Йорктен Лос-Анджелеске ұшып шыққан әуе рейсі бортта жарылыс болу қаупі бар хаттың табылуына байланысты Чикагоға шұғыл қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдары оқиға орнына иттермен келді, деп хабарлайды CBS NEWS.
Олардың бірі күдікті сөмкені тапты. Жергілікті полиция жолаушыларды эвакуациялап, ұшаққа тінту жүргізді.
«Дәретханадан ұшақтың жарылатыны туралы хат табылды», делінген хабарламада.
Полиция ұшақ бортына нақты қауіптің болған-болмағанын нақтыламады, бірақ дәл сол ұшақ Чикагодан сағат 14:30-да ұшып кеткені белгілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!