Сурет: freepik
Өзбекстан әскери қолбасшылығымен оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2023 жылы 17 қарашада жергілікті уақыт бойынша 20:15-те (Астана уақыты бойынша 21:15-те) «Каттакурган» полигонында болған.
Апат салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Алайда бортта қанша адам болғандығы туралы нақты ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта арнайы комиссия апаттың себептерін анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеуде.
Елдің Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мен туыстарына қайғырып көңіл айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!