Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы
Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабаралайды KAZINFORM.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 12-20 тамыз аралығында 1121 — 1186 шақырым аралығындағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.
— Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!