21 сәуірде Үндістан үкіметі Папа Францисктің қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Hindustan Times-қа сілтеме жасап.
Елде үш күн бойы ұлттық ту төмен түсіріліп, ешқандай ресми ойын-сауық бағдарламасы өткізілмейді.
Понтификке құрмет ретінде аза тұту 22 сәуір басталып, ол жерленетін күн – 24 сәуірге дейін жалғасады.
Рим-католик шіркеуінен шыққан тұңғыш латынамерикалық көшбасшы 88 жасында көз жұмды. Соңғы 12 жыл ішінде ол түрлі сырқаттан зардап шеккен.
Еске салайық, 2022 жылы Рим Папасы Франциск Астанаға үш күндік сапармен келді. Ол кезде Франциск VII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысып, қасиетті месса жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!