Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында ірі алкоголь өнімін заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

«Көкшетау мен Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!