Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV Съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы Қаулыға қол қойды», – делінген партия хабарламасында. 

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!