Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады.

 – Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп атап өтті Президент.

Өңір бойынша балалар жылы назардан тыс қалмай, түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып, аталып өтуде. Мәселен, балалар жылы аясында 16 қыркүйек күні «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығында спорттық байқау ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға шақырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, психологиялық тренингтер өткізу арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру . 11 қыркүйек – «Отбасы күніне» орай мүгедектігі бар балалардың отбасылар арасында өткен спорттық сайыс «Әкем, анам және мен» деп аталады.

«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастыруымен өткізілген спорттық сайыс 4 бөлім бойынша өтті. Атап айтқанда, «Кім мерген?» дротикпен шарды жару сайысы, «Кім шапшаң?» кедергіден өтіп есеп шығару сайысы, «Кім жылдам?» жылдамдыққа мозайка құрастыру сайысы, «Кім епті?» құм дорбаларын нысанаға салу сайысы сынды кезеңдерден тұрды.

Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді. Сондай-ақ қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттар табысталса, ерекше балаларға арнайы спорттық ойындар сыйға тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!