Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!