Айта кетейік, екі күдіктіге де қаңтар оқиғасын ұйымдастырғаны үшін айып тағылуда.

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен оппозициялық белсенді Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Қалалық сот мәліметінше, Мамайды ұстау мерзімі 7 айға дейін, яғни, 2022 жылдың 12 қазанына дейін ұзарды. 

Ал Құдайбергенді ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 қазанына дейін, алты айға созылды. 

Айта кетейік, екі күдіктіге де қаңтар оқиғасын ұйымдастырғаны үшін айып тағылуда. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!