Елімізде соңғы жылдары тренд деген айдар тағылған дүние көбейіп келеді. Оның біріне әлеуметтік желі мен технология тікелей әсер етсе, енді бірін экономика мен туризм ынталандырып келеді. Қазақстанның да жаһандық жаппай марафон жарысына қосылғанына біршама уақыт болды. Жалпы көпшілікпен бірге белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтудің бір қарағанда кімге, қандай пайда әкелетіні түсініксіз. Десек те марафонның қатысушыларға сыйлайтын кереметі бөлек. Мұны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың өзі құптайды. Жуырда шаһар тұрғындары жақсы шараның куәсі болмақ. Әлемге танымал «яркий кросс» жобасы Қызылордаға да бет бұрды. Тұрғындар үшін тың жобаның мақсаты айқын. Спортсүйер қауымды қуантатын шараның жағымды жаңалығын ұйымдастырушы Аружан Сахи бөлісті.

Қазақстанда танымал жоба

«Яркий кросты» – алматылықтар жақсы біледі. Өйткені ол жақта 7 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қатысушылары да 10 мыңнан асып жығылады. Сонымен қатар Шымкент, Қарағанды, Нұр-Сұлтан секілді шаһарларда да өтеді. Қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлайтын жобаны Қызылордаға неге алып келмеске, деп Ерлан Мұсаев қолға алды. Ерланның тың идеяларды ұсынатынын көпшілік біледі. Сондықтан ұйымдастырған шараларанының көбі қала халқына ұнайды. Ерланның бастамасымен жұмысқа кірісіп кеттік. Ауқымды шараларды ұйымдастыру үшін белгілі бір команда болуы шартү Бұл жағы бізде шешімін тапқан. Ерланнан бөлек командада Александр Цой деген азамат бар. Үшеуміз жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Мен жобаның халыққа жетуіне атсалысамын.

Атауын өзгертуге тура келді

     «Яркий кросты» – «яркий забег» деп ауыстыруға тура келді. Себебі Алматыдағы ұйымдастырушыларға хабарласқанымызда 6-7 млн теңгені құрайтын сметаны ұсынды. Яғни Қызылордада өткізу үшін франшизасын алу керек болды. Сондықтан командамен ақылдаса келе «Яркий забег», «Яркая Қызылорда» деп дамытуға бекіндік. Жобаның – бюджеті жоқ. Тек қатысушылар 3 000 теңге жарна пұл төлейді. Бұл қаражатқа сөмке, медаль, қатысушыға нөмір және краска беріледі.

Қатысушылардың барлығы жеңімпаз болады

Марафон – сіз бен біз ойлайтындай, бұқаралық спортты насихаттап, халықты саламатты өмір салтына шақыратын қатардағы имидждік іс-ша­ра­лар­дың бірі емес. Бұл – әлем бойынша жылдам дамып келе жатқан ауқымды жобаның бірі десек болады. Сондықтан қала күніне орай облыс орталығын ерекше атмосфераға бөлеп, тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлағымыз келеді. Біздің шараны жүгіріп не жүріп өтуге болады. Әркім өзінің да­йын­дығына, мақсатына және мүм­кіндігіне қарай бейімделеді. Бастысы барлығы бірдей жеңімпаз атанады. Неге 3 шақырым деген сұрақ туындауы мүмкін. Жалпы «Яркий кростың» заңдылығына сәйкес қатысушылар 5 шақырымды жүгіріп немесе жүріп өтуі тиіс. Бірақ біз ұйымдастыратын шарамыз арқылы жолды жауып,  көлік жүргізушілерге бөгет жасағымыз келмеді. Сол себепті орталық алаң мен «Достық» үйіне дейінгі қашықтықты алдық.

Шара шоуға ұласады

Жас талғамайтын жиынның ең қызықты сәті соңында болады. Мысалы қатысушылар марафонды ақ футболкамен бастаса, финишке міндетті түрде түрлі түсті болып келуі тиіс. Сондықтан қатысушыларға красканы үйлестіріп жатырмыз. Краскаға байланысты әлеуметті желіде арнайы пост жарияладық. Көпшілігі краска таза киімімізді бүлдіреді деп түсінбей қалуы мүмкін. Бірақ біз құрғақ красканы пайдаланамыз. Яғни ұнтақ краскалар қолмен қаққан кезде бірден кетеді. Финишта қатысушыларды ойындар мен концерттік шоу бағдарламалар күтеді.

Қолдаушылар көп

Қызылордада тұңғыш рет өткізгелі тұрған шараға қызығушылық танынытып, қолдау білдіруге дайын компаниялардың қатары көбейді. Барлығына өз ұсынымызды жеткіздік. Біреуі қабылдады, біреуі өкінішке қарай бас тартты. Десек те бүгінде «яркий забегтың» өтуіне ықпал жасап, серіктес атанғандардың қатарында «Jusan» банк, «Жұлдыз» такси, «Пумба» балалар мейрамханасы бар.

Ерасыл ШӘРІБЕК

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!