Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Kaz Eggs» серіктестігі бастамасымен қолға алынған болашақ өндірістік кешеннің қуаты тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептеліп отыр, деп жазады KAZINFORM.

ҚР Ауыл шарушалығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі 30 млрд теңге.

Келер жылдың IV тоқсанына жоспарланған жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға жол ашады.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бағытын тұрақты дамыту.

-Осы ретте министрлік заманауи өндірістерді құруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған инвестициялық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді,-делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!