Қостанай облысының Әулиекөл ауданының тұрғыны Руслан Шарафутдиновтың айтуынша, белгісіз біреулер оған пышақпен және электрошокермен шабуыл жасаған. Бұл туралы exk.kz хабарлайды.

Бет-ауызы қан жоса болған азаматтың видеосы Egov.press Telegram-арнасында жарияланды. Тұрғын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей өзіне жанайқайын жеткізген соң, осындай оқиғаға тап болғанын айтады.

Міне, бұл — менің Президентке мәселемді айтқаннан кейінгі жағдай. Үйімді әкімдіктің адамына қайта сатып жіберді. Сосын маған электрошокермен және пышақпен шабуыл жасад— дейді видеода Руслан Шарафутдинов.

Әулиекөл ауданындағы орман өрті кезінде осы өңірге барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Руслан Шарафутдинов жеке мәселесін жеткізген болатын.

Ол президентке әкімдіктің кесірінен баспанасынан айырылып қалғанын айтқан. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Русланның мәселесін шешуге көмектесемін деп жауап берген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!