Пірназаров Нұржұман Пірназарұлы Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қабылданды.

Нұржұман Пірназарұлы 1996 жылы 4 қаңтардағы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. 2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша үздікке бітірген.

Еңбек жолын 2014-2017 жылдары «Қызылорда Студенттер Альянсының» облыс бойынша көшбасшысы, 2014-2016 жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і атынан облыстық жастар мәслихаты Жастар Парламентінің депутаты, 2016-2017 жылдары Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 2017-2019 жылдары Қорқыт Ата атындағы КМУ-нің ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, 2019-2020 жылдары Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі, 2020-2021 жылдары Жастар саясаты мәселелері басқармасының инспекторы қызметі, 2021-2022 жылдары қалалық «Жастар ресурстық орталығында» кеңесші болып қызмет атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!