Әр қазақстандық өз мемлекеті үшін маңызды сайлау науқанына белсене қатысып, өз таңдауын жасай алады. Таңдау жасап, дауыс беруге кәмелетке толған әрбір жас та құқылы. N 264 Т. Есетов атындағы мектеп-лицейде орналасқан N 260 сайлау учаскесіне келіп, өмірінде алғаш рет дауыс бергеннің бірі — Зере Қанибекқызы. «Биыл 18-ге толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болдым. Саяси науқанда әрбір жастың таңдауы маңызға ие. Ел болашағы біздің — жастардың қолында. Сондықтан кәмелетке толған замандастарымды өз таңдауын жасауға шақырамын», — дейді дауыс беруші.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!