«Арсенал» мерзімінен бұрын Англия Премьер-лигасының 2025-2026 жылғы маусымының чемпионы атанды. Лондондық клубтың басты қарсыласы «Манчестер Сити» чемпионаттың алдыңғы турында «Борнмут» командасымен тең түсіп, чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
38-тур алдындағы турнирлік кестеде «Арсенал» 82 ұпаймен бірінші орында тұр. «Манчестер Сити» 78 ұпаймен екінші сатыға жайғасса, «Борнмут» 56 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Осылайша, олар Англия чемпионы атағын тарихында 14-рет жеңіп алды. Лондондық клуб соңғы рет 2003-2004 жылғы маусымда чемпион атанған еді. Сол маусымда «Арсенал» чемпионатты бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, команда 38 матчта 26 жеңіс пен 12 тең ойын тіркеген болатын.
Тарихи тізбекті испаниялық бапкер Микель Артета жалғап, бапкерлік мансабында ұстазы болған Пеп Гвардиоладан басым түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
