Басқарманың 2022 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Ерманов Талант Талғатұлы Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары – Мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына тағайындалды.

Талант Талғатұлы 1989 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Мамандығы «Заңгер». Еңбек жолын Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы қызыметінен бастап, әр жылдарда Қызылорда облысның экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!