Сапасының артуына қарай отандық жоғары оқу орындарындағы білім алу ақысы да өседі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Сондықтан, мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр.

Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі.

Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», – деді Президент.

Айта кетейік, Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашып, халыққа Жолдауын жариялап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!