KAZINFORM – Қазақстандық Абылайхан Жұбаназар Лозанна (Швейцария) қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды.
Қазақстандық спортшы 81 келіге дейінгі салмақта жарыс барысында 1/64 финалда чехиялық Петр Младиді иппонмен жеңді.
Содан кейін украиналық Владислав Колобовты екі вазари әдісімен қапы қалдырды. 1/16 финалда грузиялық Заур Двалашвилидің жауырынын жер иіскетті.
А.Жұбаназар ширек финалда ресейлік Егор Сухопаровтан юко әдісімен басым түсті. Ал жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Эльбакиевке екі юконы сәтті қолданды.
Абылайхан Жұбаназар финалда өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен белдесті.
Бұл қос дзюдошының ресми жарыстардағы алғашқы кездесуі еді.
Тартысты өткен жекпе-жекте Абылайхан юко әдісімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды. Сөйтіп, осындай турнирлердегі алғашқы алтынына қол жеткізді.
Осылайша, Лозаннадағы Grand Slam додасында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
