Ал оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Цеснабанк филиалының бұрынғы басшысы және азаматтық тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұржан Көлбаев ҚР ҚК 189 бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы Әсел Садықова 7 жылға сотталды. Сонымен қатар екеуіне де банк және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға 10 жыл мерзімге тыйым салынды.

Шымкент қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көлбаев пен Садықова «First Heartland Jusan Bank» АҚ-на  630 804 АҚШ доллары және 9 029 295 теңге көлемінде сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!