Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес хабарлады.

«Сыр үміті» жастар сыйлығына аймағымыздың 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

«Сыр үміті» жастар сыйлығы аймақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына үлес қосып жүрген жастарды көтермелеу мақсатында тағайындалады. Cондай-ақ, жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу үшін арнайы бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 18 қазанға дейін жалғасады. Ережемен толық танысу үшін https://drive.google.com/…/1yAXp8KpUqa2ZHJgg7Uf…/view… сілтемесіне өтуді сұраймыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!