Әлемнің назары ауған Геннадий Головкин мен Сауль Альварестың үшінші жекпе-жегі аяқталды.

Ласвегастағы T-Mobile аренада өткен кездесудің алғашқы раундтарында мексикалық боксшы басым болып, төрешілердің максималды ұпайына ие болды. Геннадий кездесудің соңғы раундтарында ширақ қимылдап, Канеллоға джеп соққыларын дарыта білді. 12 раундқа созылған бокс кешінде Сауль Альварес ұпай санымен жеңіске жетіп, Мексиканың тәуелсіз мерекесінде жерлестеріне тамаша тарту жасады. Осылайша Гена мен Канелло триалогиясы тәмамдалды.

Айта кетейік, алғашқы тартыста қос боксшы тең тарқасса, екінші кездесуде Сауль жеңісті жұлып алған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!