Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі Ресей Федерациясына жанар-жағармай өнімдерін жеткізу мүмкіндігі туралы тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме жасады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінен автомобиль отынын сатып алу жөнінде ресми өтініш түскен жағдайда, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай өнімдерін жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.  — Мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық келісімдер мен коммерциялық шарттарды жасасу тек жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда ғана мүмкін. Қазақстанның ішкі нарығын толық әрі үздіксіз қамтамасыз ету — сөзсіз басымдық болып қала береді. Экспорттық жеткізілімдер азаматтар мен ел экономикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін, — делінген ведомство хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!