Фото: Ақорда

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін 15 мамыр күніТүркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтетінін жазған едік.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!