Қайғылы оқиға 9 мамыр күні «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Altainews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шаң желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

KAZ Minerals компаниясы қаза тапқан қызметкердің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!