Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы облыстардағы эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген.

Астанамен қатар Павлодар облысы да «қызыл» аймақта тұр.

Ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердегі ахуал «жасыл» аймақ санатында тұр.