«36 фильмнен құралған бұл тізімді қазақстандық орта мектептерде болашақта енгізілуі мүмкін деген «Кино өнері» пәніне арнайы жасадық. Егер оқушыларға аптасына бір мәрте (90 минут) көрсетілім жасаса, жылына 36 фильм шығады.

Әрине, мұндай ой идея тұрғысынан, ұйымдастырушылық, техникалық жағынан да іске аспайтын утопия болуы мүмкін. Олай болса, бұл тізім заманауи әлемдегі ең маңызды өнер түріне қадам басқысы келетін жас қазақ­стандық­тарға ұсынған тізім болсын. Оны құрастыру барысында ең алдымен жаңа, өзіндік кинематографиялық тілі, қайталанбас авторлық стилі мен қолтаңбасы бар картиналарға көңіл бөлінді. Сонымен бірге фильмдердің жанр алуандығын ескеруге тырыстым. Картиналардың қабылдау дәрежесін, болжамды көрермендердің жасын, біздің өлкенің мәдениет ерекшеліктері мен ақпарат құндылығын да ұмытпадым» дейді белгілі кинорежиссер, кәсіби маман Дәрежан Өмірбаев. Ендеше, оқырманға әлемнің үздік туындылары араласқан тізімді ұсынамыз.

  1. “ЛЮМЬЕРЛЕР!” – “Lumière!” (деректі, авторы Т.Фремо, 2016, Франция)
  2. “ПОТЁМКИН” БРОНДЫ КЕМЕСІ” – “Броненосец “Потемкин” (реж. С.Эйзенштейн, 1926, КСРО)
  3. “КИНОАППАРАТЫ БАР АДАМ” – “Человек с киноаппаратом” (реж. Д.Вертов, 1929, КСРО)
  4. “АНДАЛУЗ ИТІ” – “Un chien andalou” (реж. Л.Бунюэль, С.Дали, 1929, Франция)
  5. “ЖЕР” – “Земля” (реж. А.Довженко, 1930, КСРО)
  6. “КӨГІЛДІР ПЕРІШТЕ” – “Der blaue Engel” (реж. Д.Штернберг, 1930, Германия)
  7. “М – ҚЫЛМЫСКЕР” – “M – Eine Stadt sucht einen Mörder” (реж. Ф.Ланг, 1931, Германия)
  8. “ҮЛКЕН ҚАЛА ОТТАРЫ” – “City Lights” (реж. Ч.Чаплин, 1931, США)
  9. “ТӘРТІП ҮШІН НӨЛ” – “Zéro de conduite: Jeunes diables au collège” (реж. Ж.Виго, 1933, Франция)
  10. “ЖАБЫҚ АРБА” – “Stagecoach” (реж. Д.Форд, 1939, АҚШ)
  11. “РАСЁМОН” – “Rashomon” (реж. А.Куросава, 1950г., Жапония)
  12. “ТОКИОЛЫҚ ОҚИҒА” – “Tôkyô monogatari” (реж. Я.Озу, 1953, Жапония)
  13. “ЖОЛ” – “La strada” (реж. Ф.Феллини, 1954, Италия)
  14. “БҮЛДІРГЕН АЛАҢЫ” – “Smultronstället” (реж. И.Бергман, 1957, Швеция)
  15. “ХИРОСИМА – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ” – “Hiroshima mon amour” (реж. А.Рене, 1958, Франция)
  16. “ҰРЫ” – Pickpocket” (реж. Р.Брессон, 1959, Франция)
  17. “ТӨРТ ЖҮЗ СОҚҚЫ” – “Les quatre cents coups” (реж. Ф.Трюффо, 1959, Франция)
  18. “СОҢҒЫ ДЕМДЕ” – “À bout de souffle” (реж. Ж-Л.Годар, 1960, Франция)
  19. “ПСИХО” – “Psycho” (реж. А.Хичкок, 1960, АҚШ)
  20. “БОС ҚЫЗМЕТ ОРНЫ” – “Il posto” (реж. Э.Ольми, 1961, Италия)
  21. “ИВАННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ” – “Иваново детство” (реж. А.Тарковский, 1962, КСРО)
  22. “МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА” (реж. А.Қарсақбаев, 1963, КСРО)
  23. “МАТФЕЙДЕН ІНЖІЛ” – “Il vangelo secondo Matteo” (реж. П-П.Пазолини, 1964, Италия)
  24. “АЛДАР КӨСЕ” (реж. Ш.Айманов, 1965, КСРО)
  25. “BLOW-UP” (реж. М.Антониони, 1966, Англия)
  26. “НӘЗІКТІК” – “Нежность” (реж. Э.Ишмухамедов, 1966, КСРО)
  27. “ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫ” (реж. Б.Шамшиев, 1968, КСРО)
  28. “ҚЫЗ ЖІБЕК” (реж. С.Қожықов, 1969, КСРО)
  29. “ӘУЕЗШІЛ САЙРАҚ БОЛҒАН ЕКЕН” – “Жил певчий дрозд” (реж. О.Иоселиани, 1970, КСРО)
  30. “ҚЫЗЫЛ АЛМА” – “Красное яблоко” (реж. Т.Өкеев, 1975, КСРО)
  31. “ВЕРМЕЕРДІҢ НЬЮ-ЙОРКТЕГІ ЖҰМЫСЫ” – “All the Vermeers in New York” (реж. Д.Джост, 1990, АҚШ)
  32. “ӘТКЕНШЕК” – “Селкинчек” (реж. А.Арым-Құбат, 1993, Қырғызстан)
  33. “КАРДИОГРАММА” (реж. Д.Өмірбаев, 1995, Қазақстан)
  34. “ЖАЗҒЫ ЕРТЕГІ” – “Conte d’été” (реж. Э.Ромер, 1996, Франция)
  35. “ШИЕ ДӘМІ” – “Ta’m e guilass” (реж. А.Киаростами, 1997, Иран)
  36. “МЕНІҢ МАХАББАТЫМ” – “Моя любовь” (мультфильм, реж. А.Петров, 2006, Ресей)

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!