Фото: polisia.kz

WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан Маңғыстау облысының тұрғынына 73 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрнеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

“А.-ның ұялы телефонынан WhatsApp қызметі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған, дәйексіз ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды», – делінген сот хабарламасында. 

Қаулы күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!