Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 21 қаңтардан бастап карантин талабы қатаңдатылады.

Жаңа қаулыға сәйкес, қала аумағында ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрме, форум, конференция, концерттер, сондай-ақ отбасылық (банкет, үйлену тойы, мерейтой), еске алу, оның ішінде, үйде көп адам жинап, жиын, той өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ жексенбі күні базарлар жұмыс істемейді.

Ескерер жайт, сауда үйлерінде орналасқан азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сұлулық салондары, химиялық тазарту орындары жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындары 9:00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тапсырыспен тағам жеткізетін орындар сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.

Мекеме қызметкерлерінің кемінде 80%-і қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚКО-ға Egov.kz, EgovKZBot телеграм бот арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы бару керек.

Қаулы биыл 21 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.