Вакцина аурудың таралуын тоқтатып, ұжымдық иммунитетті қалыптастырады. Бірақ таңдауға келгенде бір тоқтам жасау қиын. Әзірге ел арасында ресейлік Спутник V, отандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax вакцинасы егілуде. Ал мамандар қай вакцинаны тиімді санайды? Бүгін осы тақырыпқа шолу жасап көрдік.  Технологияқауіпсіздігі 60 жылбойыдәлелденген

Алдымен отандық вакцинаның тиімді тұстарына тоқталсақ. QazVac – Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген коронавирусқа қарсы белсенділігі жойылған вакцина. Оның тиімділігі 90%-дан жоғары деп дәлелденген. Вакциналау 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады. Ал осы жасқа дейінгі балалар үшін тиімділігімен қауіпсіздігі әлі зерттелмеген.

QazVac неүшінқауіпсіз? Вакцинаның әсеріне алаңдаған көпшіліктің бұл сұрағына Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья отандық басылымға берген сұхбатында келесідей жауап берді:

– Вакцинаның қауіпсіздігі оның технологиясына тікелей байланысты. Инактивтелген вакцина толық бүтін вирустан тұрады. Бүтін вирус ақуыздардың толық жиынтығынан құралған. Ақуыздар спектрі не ғұрлым толық болса, иммундық жауап соғұрлым жоғары болады. QazVac инактивтелгенвакцинасытехнологиясыныңқауіпсіздігі 60 жылдан бері дәлелденген. Инактивтелген вакцинаны соңғы 60 жылдан бері туған барлық адам дүниеге келгеннен кейінгі үшінші күні алды. Өйткені балаларға арналған вакциналардың дерлігі осы технологиямен әзірленген. QazVac инактивтелген вакцинасында да вирусқана жаңа, алқалғанының бәрі – (технология, жасалуы, сынақтан өткізілуі) қанша жылдық тарихы бар, уақыт пен сыналған ескі жол, ‒ дейді ол.

Сондай-ақ отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі QazVac коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты қарсы тұра алатынына тоқталды:

– Африкалық, америкалық, британдық деп жүргендердің бәріде жаңаштамм емес. Көбі (белгілі бір жағдай тұрғысынан) ыңғайлы болғандықтан солай айтатын шығар. Шын мәнін де бұл – солштамм. Рас, бір-екі бөлігі өзгеріске ұшыраған вирус. Алайда ғылымда мұны жаңа штамға жатқызбайды. Сондықтан қазір әзірленіп жатқан вакциналардың бәрі (QazVac та) коронавирустың өңін өзгерткен түрлеріне қарсы тұра алады, ‒ дейді К.Закарья.

Айтакетейік, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты – COVID-19-ға қарсы бірден 5 түрлі вакцинаны әзірлеп жатқан әлемдегі жалғыз мекеме. Соның қатарында тірі вакцина да бар.

Бұл вакцинаны 12 ай сақтауға болады

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, Hayat-Vax-та (SARS-CoV-2, Vero Cell) белсенділігі жойылған вакцина. Ол басқа инактивтелген вакциналарға ұқсас +20С-ден +80С-ге дейінгі температурада сақталады және тасымалданады.

Sinopharm вакцинасының негізінде әзірленген қытайлық вакцина Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Вакцина Қытайдан басқа елде, БАӘ-де өндіруге мақұлданған. Қазір бұл вакцинаның 50 млн-нан аса дозасы әлемнің 34 мемлекетіне қолдануға жіберілген. Вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бахрейн, Мысыр, Марокко, Пәкістан, Перу және БАӘ елдерінде өткізілген. 

Hayat-Vax вакцинасының әзірлену барысы QazVac-қа ұқсас. Өйткені бұл вакцина да бұрыннан дәлелденген, белсенділігі жойылған вакцина жасау технологиясы қолданылған. Осы технологияның көмегімен вирус ағзада қорғаныс антиденелерін түзу қабілетін сақтай отырып, жойылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сүйенсек,  инактивтелген вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екені дәлелденген. Адъюванттар инактивті вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар ретінде иммундық жүйені ынталандырады және ағзадағы иммунитеттің ұзақ сақталуына әсер етеді.

Вакцинаның әлемде 10 млн-нан аса дозасы қолданылған және қауіпті жағдайлар тіркелмеген. Қолжетімді және аралық нәтижелерде вакцинаның COVID-19 инфекциясына қарсы тиімділігі 79,3% екені көрсетілген. Ал аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиімділігі 100% көрсеткіші дәлелденген.

Жоғарыда Hayat-Vax вакцинасының қазақстандық QazVac-пен ұқсас екенін айттық. Медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева да осы пікірде. Ол отандық басылымға берген сұхбатында екі вакцинаның ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталды:

‒ Жалпы, вакциналарды бірдей деуге болады. Екеуі де – инактивтелген вакцина. Олардың құрамында SARS-CoV-2 вирусының өлтірілген штамы бар. Құрамы да, адъюванттарының, белсенді затта-рының болуы да бірдей. Жалғыз айырмашылығы – қазақстандық вакцинаның сақтау мерзімі 6 ай болса, қытай вакцинасын 12 ай сақтауға болады. Екі вакцинаның техникалық детальдарында да болмашы айырмашылық бар. Ал көрсетілімі, қарсы көрсетілімі бірдей деуге болады. Тиімділігіне қатысты айтар болсақ, отандық ғалымдардың мәлімдемелеріне сәйкес, қазақстандық вакцинаның тиімділігі 90 пайызды құрайды. Дегенмен қытайлық вакцинаның тиімділігі де осы шамада, ‒ дейді Л.Ералиева.

Басты айырмашылық ‒ векторлық технологияда

Спутник V вакцинасының векторлық технология арқылы жасалғаны осы кезге дейін айтылды. Вакцина респираторлық жұқпалы ауру тудыратын аденовирустар негізінде әзірленген. Демек, бұл екпеде басқа вирустың өзгертілген түрі бар. Өзгерген вирус генетикалық материалды адамның жасушасына жеткізеді. Спутник V екпесінде адамда ЖРВИ, конъюнктивит және гастроэнтерит тудыратын аденовирустар қолданылады (кейбір екпелерде пневмония және қызылша тудыратын аденовирустар пайдаланылады).

Екпеде вектор ретінде қолданылатын вирус ауру тудырмайтындай етіп өзгертілген. Вектор көзделген вирустың генімен бірге егіледі. Covid-ке қарсы вакцинада бұл ген жасушаға тікен пішінді ақуыз қалыптастыруға көмектеседі. Бұл ақуыз коронавирустың қабығындағы ақуызға ұқсайды. Адамға екпе салынғанда, вектор адам жасушасына енеді. Ал жасуша тікен пішінді ақуыз шығарады. Иммундық жүйе тікен пішінді ақуызды байқаған сәтте бірден антиденелерді өндіре бастап, ағзадағы өзге де иммундық процестерді іске қосады. Сөйтіп ағзаға вирус түскенде иммундық жүйе тойтарыс беруге дайын тұрады.

Векторлық технологияны Оксфорд университеті мен AstraZeneca вакциналарын өндірушілер де қолданады. “Спутниктің” екіншісінен айырмашылығы – ресейлік вакцинаны жасаушылар қабықша ретінде адамның аденовирусын, ал Оксфорд ғалымдары шимпанзе аденовирусын пайдаланады.

“Спутникті” ‒18 градус температурада сақтау керек және оны қолданар алдында еріту керек. Осыған байланысты ресейлік вакциналарды сақтау және тасымалдау процесі, мысалы, Pfizer-BioNTech РНҚ вакциналарына қарағанда әлдеқайда жеңіл екені дәлелденген. Өйткені Pfizer-BioNTech РНҚ вакциналарын өте төмен температурада (‒80, ‒70°C) сақтау керек.

Қарап отырсақ, үш вакцинаны да дайындауда қауіпсіздік мәселесі жан-жақты ескерілген. Вакциналардың сақтау мерзімі мен құрамында аздаған айырмашылық бар. Көп жағдайда ұқсас. Бұл жөнінде ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова келесідей пікір білдірген:

‒ Hayat-Vax пен QazVac вакциналары бұрыннан белгілі технологиямен жасалған. Онда тұтас вирус қолданылады. Ал  Спутник V ‒ векторлы вакцина. Жаңа технология, бірақ бұл да баяғыдан белгілі. Үш вакцина да тиімді әрі қауіпсіз. Қазақстандықтардың таңдауы болғаны жақсы. Сондықтан қалағаныңызды алуды ұсынамын, ‒ дейді ол.

Гүлдана НҰРТАЙҚЫЗЫ