Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілетін аптап ыстық сақталады.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C болады.
Алматыда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 3-8 м/с. Түнде +25…+27°C, күндіз +40…+42°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +26…+28°C, күндіз +45…+47°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 7-12 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +30…+32°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C.
Атырауда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 6-11 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +24…+26°C, күндіз +36…+38°C.
Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +22…+24°C, күндіз +32…+34°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 9-14 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +41…+43°C.
Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде +27…+29°C, күндіз +41…+43°C.
Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +26…+28°C.
Семейде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +36…+38°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жел 5-10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +40…+42°C.
Таразда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +23…+25°C, күндіз +43…+45°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел 8-13 м/с. Түнде +28…+30°C, күндіз ауа температурасы +46…+48°C-қа дейін көтеріледі.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Өскеменде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
