Облыста ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелінеді.

Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов мәлімдеді. – Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 154 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды. – Егу жұмыстарына көпшілік үркей қарайтыны түсінікті. Өйткені, мұндай вирус бұрын болған жоқ. Аты жаман аурулардың басқа түрлері болды. Оларға қарсы екпе егудің арқасында кең тарауына жол берген жоқпыз. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Тағы бір ескертетіні вакцина жалпыламай салынбайды. Оның өзінде ерікті түрде жүзеге асырылады. Ешкімді мәжбүрлеп, күштелмейді, – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!