Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық сақтау министрі Ян Блатны екі масканың орнына FFP2 немесе KN95 қорғаныс дәрежесі бар дем шығару клапаны жоқ респираторларды киюге болатынын түсіндірді. Сондай-ақ, ауаны сүзу тиімділігі кемінде 95 пайыз болатын басқа қорғаныс құралдарын қолдануға да рұқсат етіледі.

turkystan.kz