ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 29 сәуірде өткен Үкімет отырысында ауылдық емханаларға жас мамандарды тарту жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 467 медициналық нысан салынған.
«Өңірлердегі кадрмен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары тақырыбына жеке тоқталғым келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген медицина мамандарына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандыру төлемдерінің пакеті кеңейтілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген тапшы медициналық мамандықтар иелеріне 100 АЕК көлемінде (8,5 млн теңге) бір реттік ақшалай төлем беру қарастырылған», – деді Ақмарал Әлназарова.
Алайда министр бүгінде бұл төлемдер бойынша шешім барлық өңірде қабылданбағанын қоса айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!