Сабақтан шаршап, басың қатып отырғанда сыртқа шығып, бір айналып келсең, ой-санаң сап-сау боп қалатынын байқағаның бар ма? Не болмаса, біраз жүгіріп, дене қозғалтқаннан кейін көңіл-күйің көтеріліп, бойың сергіп сала береді. Мұны бәріміз сезгенмен, оның себебіне үңіле бермейміз. Көпшілік спортты тек дене сымбаты үшін, бұлшықет үшін керек деп ойлайды. Ал шындығында дене қозғалысының ең үлкен пайдасы денеге емес, миға тиеді. Соңғы жылдары ғалымдар осы саланы тереңдеп зерттеп, таңғаларлық жаңалықтар ашты. Қозғалыс деген, көрсе, миымызды күшейтетін, есімізді жақсартатын, тіпті көңіл-күйімізді емдейтін нағыз сиқырлы құрал екен.

Дене қозғалғанда миымызда ерекше бір зат бөлініп шығады. Ғалымдар оны қысқаша БДНФ деп атайды, оның толық аты – мидан туындайтын нейротрофтық фактор. Бұл зат мидың нағыз тыңайтқышы іспетті, ол ми жасушаларының өсуіне, жаңа байланыстар құруына, нығаюына көмектеседі. Адам жаттыққанда, әсіресе жүгіру, жүзу сияқты демалысты жиілететін қозғалыспен айналысқанда, миындағы осы заттың мөлшері күрт артады. Зерттеулер дәл осы заттың көбеюі есте сақтауды жақсартатынын, жаңа нәрсені үйренуді жеңілдететінін дәлелдеген. Демек қозғалған сайын біз тек денемізді емес, миымызды да жаттықтырады екенбіз. Ой мен дене бірбірінен бөлек емес, керісінше тығыз байланысты. Қозғалыстың есте сақтауға әсері нақты тәжірибеде де расталған. Бір қызық зерттеуде студенттерге жаңа сөздерді жаттату алдында біразына дене жаттығуын жасатып, біразына жай демалдырған. Нәтижесінде жаттығу жасаған топ сөздерді әлдеқайда жақсы жаттап, әрі оларды ұзақ уақыт ұмытпай сақтаған. Демек сабақ оқу алдында, не оқу кезінде сәл қозғалып алу есте сақтауды күшейтеді екен. Бұл біздің жасымыздағы оқушылар үшін аса құнды дерек. Үздіксіз отырып, бір орында қыбырламай оқығаннан гөрі, арасында сергіту жаттығуын жасап, біраз қозғалып алған пайдалырақ. Ми қозғалыстан кейін сергіп, ақпаратты жақсырақ қабылдайды. Қозғалыстың тағы бір ғажап пайдасы, ол көңілкүйді көтереді, тіпті депрессияны же ңілдетеді. Ғалымдардың айтуынша, дене жаттығуы кезінде бөлінетін заттар адамның көңілін көтеріп, мазасыздық пен уайымды басады. Сондықтан қоз ғалыс бүгінде депрессия мен үрейді емдеудің бір жолы ретінде де қолданылады. Кейде дәрі-дәрмектен гөрі тұрақты дене жаттығуы көңіл-күй ауытқуын жақсырақ реттейтіні дәлелденген. Көңілің түсіп тұрса, бір айналып жүгіріп қайтсаң, не велосипедтепсең, не жай ғана серуендеп келсең, көп жайдың жеңілдеп қалатыны осыдан. Қозғалыс деген табиғат бізге берген тегін әрі ең қауіпсіз көңіл дауасы. Ең қуантарлығы, қозғалыстың миды сақ таудағы пайдасы өмір бойы жалғасады. Зерттеулер жасынан тұрақты түрде спорт пен айналысқан адамдардың миы қартайғанда да жас әрі сергек болаты нын көрсеткен. Дене жаттығуы мида жаңа жасушалар түзілуіне жол ашады, қан айналымын жақсартады, есті сақтайды. Тіпті орта жастан асып барып спортқа кіріскен адамдардың өзінде ми жұмысы жақсарғаны байқалған. Демек қозғалысты бастауға ешқашан кеш емес. Күн сайын жарты сағат жүру, жеңіл жаттығу жасау қарапайым әдеттің өзі миды ұзақ жылдар бойы сау сақтай алады. Ал жас кезден қозғалысқа үйренген адам бүкіл өмірінде сол пайданы көреді. Дене қозғалысы тек бұлшықет пен сымбат үшін емес, ең алдымен миымыз бен жанымыз үшін қажет дүние. Ол есімізді жақсартады, ойымызды ұштайды, көңіл-күйімізді көтереді, миымызды қартаюдан қорғайды. Спорт пен ой бірбіріне қарамақайшы емес, керісінше бірінбірі толықтыратын егіз ұғым. Сондықтан күн сайын қозғалуға, дене жаттығуын жасауға уақыт бөлейік. Жүгіру, жүзу, велосипед тебу, жай серуендеу, бәрі де миымызға пайда. Денесі сау адамның ойы да сау деген сөз бекер айтылмаған. Қозғалған адамның тек денесі емес, миы да, көңілі де, болашағы да сау болмақ.

Ақ НАЗАР

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!