Синоптиктер Қазақстан бойынша 26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, алайда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бірқатар қалада жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +29…+31°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +30…+32°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз +31…+33°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.
Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Семейде көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +26…+28°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +29…+31°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.
Өскеменде бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!