Фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын сынға алып, Қазақстанға заңмен жүретін бас имам керек екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, біздің ел Ауғанстан сияқты елге айналып бара жатыр.  

Сіз педофилизмді қолдайсыз ба?

«Шариғатта балиғат жасқа келген қыз орамал тағу керек» депсіз!

Әдетте қыз балаға хайыз (етеккір) келген уақыттан бастап , балиғат жасына жеткен (ержеткен, бойжеткен) болып саналады.

Негізінде қыз балаларға 9 жастан етеккір келеді.

Ал шариғат заңы бойынша етеккір келген 9 жасар қыз тұрмысқа шығуы керек!

Біздің ел жәйлап Ауғаныстанға айналып бара жатыр! – деді Айгүл Орынбек.

Сондай-ақ заңгер ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа Бас мүфтиді тергеп, тексеруге ұсыныс жасады.

Мынау ашық педофилизмге пропаганда ғой!

Біз сонда шариғат заңымен жүруіміз керек пе?

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев біздің мүфтиді тергеп тексеріңдер!

Шариғатпен жүргісі келсе Ауғаныстанға жіберіңдер, жүрсін сол жақта шариғат заңымен!

Бізге шариғатпен емес, Қазақстан заңымен жүретін бас имам керек! – деді Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, күні кеше Парламент ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ға, жалпы дінге қатысты пікір білдірген болатын.

Біздің салтымыз бен шариғатымызда ер адам немесе әйел болсын балиғат жасына толған соң үйлене алады. Құран Кәрімнің өзінде «Аллаға иман келтіргендер қалаған әйелдеріңе үйленіңдер» делінген. Яғни балиғат жасына толғаннан кейін үйленуге рұқсат беріледі. Біріншіден, әр ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, кішкентайынан үйретуі қажет. Қазақта «текті жердің қызын ал» деген сөз бар. Сол себепті үйленген кезде ата-анасына қарап, текті жерден алғаны дұрыс,  – деген сонда Наурызбай қажы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!