Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов инфляция мен теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақылар мен зейнетақы қайтадан индекстелуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Заң бойынша индекстеу жыл сайын жүргізіледі. Ал биылғы жылы барлық әлеуметтік төлемдер индекстелді.                                   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов

Оның айтуынша, қайта индекстеу мәселесі бүгінде ашық күйінде қалып отыр. Тиісті шешімді жедел штаб қабылдауға тиіс.

Барлық қабылданған шешімдер негізделген әрі үйлестірілген болуы керек. Бүкіл жағдайды бағалайтын жеке жедел штаб бар, жағдайға байланысты шешімдер қабылданады, яғни индекстеу мәселесі әлі ашық.                                                                                          Серік Шәпкенов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!