Несие алу енді бұрынғыдай оңай болмайды. 1 шілдеден бастап банктер мен қаржы ұйымдары қарыз беру талаптарын қатаңдатады. Қаржы сарапшысы Айбар Олжай несие нарығын алдағы кезеңде ауқымды өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы баяндады. Qaz365.kz редакциясы сарапшыға хабарласып, осы мәселе турасында турасында сауалдарын қойды.
Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап реттеуші органдар тарапынан бірқатар қатаңдатылған талаптар күшіне енеді. Атап айтқанда, қарыз жүктемесін есептеу коэффициенті мен қарыздың табысқа шаққандағы арақатынасына қатысты жаңа ережелер енгізіледі. Сарапшы бұл бағыттағы келесі кезеңдегі өзгерістер жыл соңына немесе келесі жылдың басына қарай жалғасатынын айтады. Сол уақытта қарыздың табысқа шаққандағы коэффициентіне қатысты талаптар толық енгізілуі мүмкін.
«Несие нарығын үлкен өзгерістер күтіп тұр. 1 шілдеден бастап регуляторлар, қатаңдату ережелері енгізілетін болады. Қарыздың жүктеменің коэффициенті және қарыздың табысқа шаққандағы коэффициенті. Енді қарыздың табысқа шаққандағы коэффициенті жылдың аяғында не келесі жылдың басында енгізілуі тиіс», — деді Айбар Олжай.
Сонымен қатар табысты растау тәртібі де күшейтіледі. Енді қарыз алушының табысы міндетті түрде ресми арналар арқылы расталуы тиіс. Бұл қатарға ресми жалақы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми кіріс және заңды түрде тіркелген басқа да табыс көздері кіреді.
Айбар Олжаевтың пікірінше, енгізіліп жатқан шектеулер азаматтардың шамадан тыс несие алуын азайтуға бағытталған.
«Одан бөлек табысты растауда белгілі бір қатаңдату енгізіледі. Табыс ресми арналар арқылы беруі қажет. Жалақыңыз болуы қажет, кәсіпкерліктен түсетін ресми табыс болуы керек және тағы да басқа ресми табыс санатына жататын дүниелер болуы керек. Бұдан бөлек те шектеулер бар. Мұның барлығы адамдардың шамадан тыс несиеге кіруін азайтады. Қазірдің өзінде нарық ақырындап басылып келе жатыр. Биылдан бастап біздегі берілетін кепілсіз, жеке адамдарға арналған несиелердің жалпы портфелі азаюы тиіс. Қазір оның өсу қарқыны ақырындап бәсеңдей бастады. Ал жалпы белгілі бір кезеңнен өткеннен кейін жылдың аяғынан бастап осы жеке тұлғалардың кепілсіз несиелердің портфелі менің ойымша ақырындап-ақырындап қаражат құны азая бастайтын болады», — дейді сарапшы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
