Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушы, студенттер арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранын ұстана отырып, есірткіге қарсы қолөнер бұйымдарын әзірлеу байқауын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі мәселесін түсіндіру денгейін кеңітіп, сайыскерлердің жеке ойын білдіру мүмкіндігін айқындау.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңді Қызылорда қаласының және аудан орталықтарының білім бөлімдері ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін 68 үздік жұмыс жолданды.
Байқауға қатысушылар есірткіге қарсы қолөнер бұйымдарын әзірлеп, өздерінің замандастарына есіртікінің зияндылығы жөнінде үндеу дайындап бейнеролик әзірлеп, оны әлеуметтік желілерде жариялады.
Өз жұмыстарында балалар нашақорлық проблемасы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, оның салдары неге апаратындығы, оның алдын алу жайлы айтып, нашақорлық проблемасын түрлі фигура, панно, картина, т.б. бұйымдарда және жасау тәсілдерінде шығармашылықпен қарап, түрлі ақпаратты пайдаланып шеберіктерін танытты. Авторлар өз дизайнын жүзеге асыру үшін әртүрлі материалдар мен әдістерді пайдаланды.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 68 қатысушынң 10-ны ынталық танытқан деп белгіленсе, келесі 10-ны жүлдегер атанды.
Байқаудың облыстық жеңімпаздары: Сырдария ауданы №131 орта мектеп оқушысы Мәжит Мерей мен Шиелі ауданы №244 орта мектеп оқушысы Бекжаппаров Дархан – 1 орын; Қазалы ауданы №№17,266 оқу орындарының оқушылары Ілиясова Азиза мен Нағашыбай Әділет – 2 орын; Арал ауданы №73 мектеп оқушысы Нағыманова Ақжарқын мен Қазалы ауданы №288 орта мектеп оқушысы Алпамыс Айқын, Шиелі ауданы №49 мектеп оқушысы Дүкенбаев Саламат, Қармақшы ауданы №№185,80,27 оқу орындарының оқушылары Ерғали Ақерке, Жүсіпбек Гүлсая, Жапашова Аружан – 3 орын иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!