Жуырда «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтар үдерістерін мәдени талдау» ғылыми жобасы ұйымдастырылды. Аталған зерттеулер барысында жастар инновациялық құндылықтарға басымдық беретіні, аға буын өкілдері бұл үрдіске күмәнмен қарайтыны байқалды. Осы себепке байланысты, дәстүрді қабылдаудағы жастармен ересектер арасындағы ерекшеліктерді анықтағым келеді.

Жастармен ересектердің аталған құндылыққа қатынасы туралы түрлі көз қарасайтуға болады. Мәселен, кейбір жас да, ересекте ежелден келе жатқан мәденинормалардың сақталуын бағалап, дәстүрлі көзқарастарды ұстанады. Бұл жайында тұрақтылық, сабақтастық және қауымдастықтың бірегейленуін сезінуді қамтамасыз етеді деген пікірде бар. Дегенмен, жастар арасында заманауи әлеуметтік өзгерістерді көрсететін идея қоғамның ажырамас бөлігіне айналуда.

Бұл тұста ұрпақалшақтығы туындауы мүмкін. Олай дейтініміз,  жастар мұны қабылдауға бейім болса, аға ұрпақ дәстүрлі құндылықтық ол дауға жақын. Осы қарым-қатынаста қоғамның мәдени тамыры көзқарасқа айтарлықтай әсер етеді. Кейде азаматтар ахуалға байланысты қос ұғымды қатар мойындап, прагматикалық көзқарасты қабылдайды. Біздің ойымызша, бұл топ үйлесімді және прогрессивті қоғам құру үшін ескірмейтін қағидамен жаңа идеяның теңгерімді интеграциясын қалыптастыратындай.

Бұған экономикалық және технологиялық факторлар да әсер етеді. Жастар инновациялардың экономикалық өсу мен технологиялық прогреске ықпалын білгендіктен, оларды қабылдауға құлықты. Сондықтан қазіргі барлық әрекет электронды нұсқаға ойысуына байланысты барлық қоғам мүшелері осы инновацияға бейімделуі қажет. Жастар мен ересектер инновациялық игілік теңдікке ықпал ететіндіктен қолдау білдіреді.

Білім беру саласындағы түрлі көзқараспен таныс жастар да   ашық пікір білдіре алады. Ал дәстүрлі білім беру жүйелері тек консервативті ойлауға ықпал етеді деген қорытындыға келдік. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат көздері де мәселеге қатысты көзқарасты қалыптастырады. Медиа арналар арқылы түрлі идеяға ықпал жасау адамдарды өркениет жаңалығын қабылдауға ынталандырса, шектеулі ықпал ұлтты таңдауға әкеледі.

Демек, жастар мен ересектер арасында ерекшеліктер болады деуімізге негіз бар. Осы ерекшелікке ұрпақтар арасындағы айырмашылық, өмір тәжірибесі, мәдени контекст және түрлі әлеуметтік ықпалға ұшырау секілді түрлі фактор әсер етеді.

Жастардың соны қабылдауға бейім болуы өзгерістер мен прогреске ұмтылысынан көрінеді. Ересек адамдар қалыптасқан нормалар мен тәжірибеге негізделген дәстүрлі құндылыққа бейім болуынан байқалады. Жастар, әдетте, өзгеріске дайын, заманауи мәселелерді шешудің жаңа идеялары мен тәсілдерін іздейді. Ересектер болса, ғасырға жалғасқан әдет пен тұрақтылықты қалайды. Мәдени және әлеуметтік өзгеріс қос құндылықты қабылдаудағы айырмашылықтарға әкеледі. Жас ұрпақтың дамып келе жатқан мәдени ландшафтын ұғынуы олардың жаңашылдықты қабылдауына әсер етпек.

Жастар жаңа технология, әлеуметтік құрылымына байланысты инновацияны кеңірек қолдайды. Әрине, ересектер бейімделуге қабілетті болса да, өзгеріске мұқият қарап, дәстүрлі құндылықтың тұрақтылығын бағалайды. Түрлі тәжірибені бастан өткерген ересектер уақыт сүзгісінен өткен даналыққа көбірек мән береді. Олар құндылықты уақыт сынағынан өткен қағидалар ретінде қарастырады.

Жастар  цифрлық медиа мен ақпарат көзін көбірек қарайтындықтан, олардың құндылықтарды қабылдауына түрлі көзқарас әсер етеді. Дәстүрлі медиаға сүйенетін ересектердің түсінігі шектеулі болуы ықтимал. Жұмысты жаңа бастаған жастар экономикалық инновацияға байланысты құндылықтарға басымдық береді. Мансап түрін көрген ересектер тұрақтылықтың негізі болған құндылықтарға көбірек мән береді.

Ата-ана құндылықтары мен ықпалы да ерекше рөл атқарады. Ата-аналар, бала мен отбасы арасындағы динамикалық өзара әрекеттесу құндылық қайшылығына әкеледі. Өкініштісі, көптеген жас ата-ана тәрбиесі ықпалынан әке-шешесіне ұқсас құндылықтарды іздейді.

Бұл жастар мен ересектер арасындағы үдеріс үздіксіз диалогқа елеулі үлес қосады. Мәселе бойынша қоғамдағы көзқарас аталған екі ұғымның өзара әрекеттесуі туралы пікірлердің әралуандылығын көрсетеді. Мәселеге жалпылама түсінік бергенімізбен, екі құндылық арасында жеке айырмашылық бар. Сондай-ақ жастар мен ересектер арасындағы қабылдауда ерекшеліктер сезілетінін айтқымыз келеді.

Мұрат НАСИМОВ,

саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!