Журналистика – мәні терең мамандық
(арнау)

От пенен суға түсумен, еңбегін елге береді,
Бала мен жасы кәріге баршылық жерге керегі.
Әлемнің алтын маманы, жанашыры халықтың,
Журналисттерді қадірлеп, жыр арнағым келеді.

Кешегі Бейсендей ағамды, халық ұлық дер еді,
Еліне берді жақсыны, жаңалық жарлап себебі.
Данадай қазақ қыр гүлін, журналистей өжетті,
Бүгінде қазақ халқы, экран алдында сөз етті.

Әскермен бірге оянып, күндерін сонда өткізген ,
Халыққа әскери өмірді алдына әкеп төкізген.
Микрофон ұстап қолына, аттаған көп күзден,
Ерке Мұса әпкеміз, жаңалық ашқан шөп түзден.

Елді жықпай намысын, керісінше үміт сыйлаған,
Аралбай, Нартай ағам бар, өзі елге сыйлы адам.
Журналистердің тіліне, сияды бір елдің тағдыры,
Сияды басқа елдерде және сенде сый ғалам.

Оқ пенен оттан хабарды барып кеп өзі алатын,
Өртенсе қара орман, сол жерге жедел баратын.
Халықпенен суынып, халықпен бірге жанатын,
Журналист ұлы кемеңгер, қағар әркез қанатын.

Билікке берер халықтың қара қап кеп қапасын,
Олар барда тек адамзат шындықты асасын.
Әлемнің нұры, әлемнің жүзі кереметтей бейнесі,
Журналист ағам беделі берік, мәңгілік тек жасасын!

Көсілген кербез Сыр еліне ақпаратын таратар,
Ол «Сыр бойы» мен «Ақмешіт апталығы» газеті бар.
Биыл міне, неше жылдық тарихпенен танымал,
Мәртебең көтеріліп, мерей тойға жете бер!

Саған ыстық сезімім

Тілеймін мен, сені бақытты қылуын,
Құдай саған төксін сезім жылуын .
Сен аман бол , жанымда бол мәңгілік !
Құдай көктен бере салған сұлуым .

Назды үнді , әсем дауыс ұлықтым ,
Сені танып басқаларын ұмыттым.
Сен мұңайма, сен күлімде әрқашан,
Құдай көктен бере салған қылықтым .

Сол арудың байқамаймын мін сынын,
Сені сүйіп, ұқтым бақыт қыр сырын.
Сен әр кезде тырыса бер бұртыйып,
Құдай көктен бере салған қырсығым .

Ұнатуда жоққой ешбір шоқ алау,
Сезімімнен ыстық емес от анау.
Сен жадыра, сен шаттаншы жүрегім!
Құдай көктен бере салған ботам-ау.

Құрбанәлі Данияр
№176 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Сахиева Пернегүл

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!