ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ гранттық қаржыландыруының “Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” жобасы аясында Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылының тұрғыны, ерікті жас Сәтбай Серәліұлы шағын гранттар байқауының қорытындысы бойынша қаржылай 500 мың теңге грант иегері атанды. Ол жобаны жүзеге асыру аясында ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған түрлі спорттық құрал-жабдықтар сатып алды.
Аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Н.Амандық, орталық қызметкерлері және ауыл әкімі Ғ.Есжанов сейсенбі күні Cоworking орталығымен танысу үшін арнайы ат басын бұрып, Сәтбайдың жұмысына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта ауыл жастары бос уақытын осы орталықта өткізіп, спорттық іс-шараларға қатысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!