Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
3 мамырда Хромтауда ер адамның мәйіті табылған.
«Көпқабатты үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталып, қамауға алынды», – дейді полиция.
Таныстар бірге алкоголь ішіп отырған кезде жанжал шыққан. Салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ салған. Полиция «Кісі өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
