Өскемен қаласының жанындағы Первомай кентінде ірі жол апаты орын алып, үш жас жігіт қаза тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Первомай кентінің әкімдігі ресми сайттарында үш жігіттің отбасына көңіл айтып, ата-аналарға ескерту жасаған.

«Біздің кентімізде ауыр қаза орын алды. Жап-жас үш жігіт қатар қаза тапты. Бұл балалардың ата-аналары мен отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Және баласы мотоцикл мініп, көлікке отыратын балалардың ата-аналары мынаны қаперге алса дейміз: оларға жылдамдықтың «жау» екенін айтып, қауіпсіздік ережелерін үйретсеңіздер», – деп жазылған ақпаратта.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаны растап, жол апатының себебі анықталып жатқанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!