Sputnik. Өскеменде зауытта жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
«Зауыттардың бірінің аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шығып, нысан ішінара опырылған», – деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері барды, зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. Оперативтік штаб құрылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
